15.01.2008, 14:08 1719

БҰҰ бас хатшысы бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады

БҰҰ бас хатшысы бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады

Нью - Йорк. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун бірінші "Өркениеттілік альянсы" форумының ашылу рәсіміне қатысады. Ол Мадридте 15-16 қаңтар аралығында өтеді, деп хабарлайды агенттік Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, форумның жұмысына бірнеше мемлекеттік басшылары, үкімет басшылары, министрлер, үкіметаралық ұйымдардың жетекшілері, үкіметтің емес ұйымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ, діни ұйымдардың жетекшілер, БАҚ өкілдері қатысады.

БҰҰ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, форум барысында бірнеше жоспарлы жобалардың жүзеге асырылатыны жөнінде хабарлама беріледі. Бұл негізгі төрт салаға қатысты, "Өркениеттілік альянсы", көші-қон, жастар, БАҚ мен білім беру сияқты бағдарламалар легі.

Бұл форумды ұйымдастырудың негізгі мақсаты - мемлекеттер арасындағы түсіністікті кеңейтіп, жаһандық серіктестік арқылы діни және мәдениеті әр түрлі халықтар арасындағы сенімділікті нығайту.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны