08.12.2009, 18:16 2999

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан президентін Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясын табысты ұйымдастырумен құттықтады

БҰҰ Бас хатшысы Қазақстан президентін Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясын табысты ұйымдастырумен құттықтады

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының атына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Муннан жолдау-хат келіп түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Қазақстан Республикасының президентін Астанада Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының 18-інші сессиясын табысты ұйымдастырып, өткізуімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесінің басты органын өзінің жаңа астанасында алғаш рет қабылдады, бұл Сіздің елдің халықаралық аренада БҰҰ жүйесінің сенімді серіктесі ретінде өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

Тұтастай алғанда, осындай ауқымдағы шараны қабылдап, Қазақстан бірегей мәдениетін және Орта Азияның табиғи байлығын көрсете алды, бүкіл өңірдің туристік секторына қолдау білдірді, сондай-ақ ағымдағы экономикалық дағдарысты еңсеруге үлес қосты.

Сізге Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ынтымақтастығында табыс тілеуге рұқсат етіңіз. Менің терең құрметтейтініме сендіруімді қабыл алыңыз", - делінген Пан Ги Мунның жолдау-хатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны