07.04.2010, 16:10 3044

БҰҰ бас хатшысы Қазақстан президентіне Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру жайлы бастама көтеруді ұсынады

БҰҰ бас хатшысы Қазақстан президентіне Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру жайлы бастама көтеруді ұсынады

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Вашингтонда өтетін саммитте Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру жайлы бастама көтеруді ұсынады. Осындай ұсынысты ол бүгін Ақордада Қазақстан президентімен кездесуде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

БҰҰ бас хатшысы Қазақстан президентіне Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құру жайлы бастама көтеруді ұсынды. "Сіздің еліңіз бен өзіңіз Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құрушы автор болдыңыздар, және сіз оны нақтылыққа айналдыра алдыңыз. Сол себепті осы жөнінде үлкен сахнадан үлкен мәлімдеме жасауға моральдық және саяси құқыққа сіз иесіз. Ядролық қарудан азат аймақ құру - солтүстік жарты шардағы осындай бірінші үлгі", - деді Пан Ги Мун.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде және Ислам Конференциясы ұйымының алдағы төрағасы екенін ескергенде Қазақстан "Таяу Шығыста да осындай аймақ құруды" ұсынуға қақысы бар".

"БҰҰ бас хатшысы ретінде мен сіздің ұсынысыңызға қуатты қолдау көрсетуге дайынмын", - деді ол.

"Сіз қазір ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммитке Вашингтонға жол жүргелі отырғанда, меніңше, осы проблемалар жөнінде басқа да мемлекет басшыларымен арада сөз қозғауға және оны талқылауға артықша моральдық құқығыңыз бар... Егер біз бен сіз саммитте ұстанатын позициямыз бен сөзімізді үйлестіре алсақ, онда үлкен нәтижеге жетер едік", - деді Пан Ги Мун.

"Меніңше, ядролық сынақтарды тоқтату және ядролық қарудан құтылу жөнінде мәлімдеме жасау рөлі сізден артық ешкімге де артықша лайықты емес, өйткені, сіздің халқыңыз осындай сынақтардың құрбаны болды, және сіз кезінде осының бәрін еңсере алдыңыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны