05.04.2010, 17:22 3521

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға ресми сапары барысында Семей ядролық полигонында болып, Ұлттық ядролық орталықпен танысады

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға ресми сапары барысында Семей ядролық полигонында болып, Ұлттық ядролық орталықпен танысады

Астана. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанға 6-7 сәуір аралығында президенттің шақырумен БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ресми сапармен келеді. Бұл туралы Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана және Семей қалаларына бару сапарын қамтитын бұл кездесуде саяси байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылып, біздің еліміздің басшыларымен өзекті ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, ҚР ЕҚЫҰ-на төрағалығы барысындағы халықаралық проблемалар қамтылмақ.

Сапар шеңберінде Бас хатшы Семей ядролық полигонында болып, Ұлттық ядролық орталықпен, радиациялық қауіпсіздік және экология институтымен танысады.

"БҰҰ ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына жататындығын атап кеткеніміз жөн. Қазақстан 1992 жылы бұл ұйымға кірген уақыттан бері өзін бұл ұйымның толыққанды мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар басты халықаралық ұйымның ішінен беделді орын ала білді. Қазақстанның БҰҰ мүшелігі - бейбітшілікке, дамуға және жаһанды гүлденуге деген шынайы ұстанымының белгісі",- деді І.Омаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны