07.04.2010, 16:26 3109

БҰҰ бас хатшысы су ресустарын бөлісу бойынша Орталық Азиядағы ахуалдың күрделілене түсуіне қатысты алаңдаушылық білдірді

БҰҰ бас хатшысы су ресустарын бөлісу бойынша Орталық Азиядағы ахуалдың күрделілене түсуіне қатысты алаңдаушылық білдірді

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун су ресустарын бөлісу бойынша Орталық Азиядағы ахуалдың күрделілене түсуіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Орталық Азияда табиғи ресурстарды, атап айтсақ, су ресустарын бөлісу бойынша ахуалдың күрделілене түсуі менің айрықша алаңдаушылығымды тудырады", - деді Пан Ги Мун.

Еске сала кетейік, Орталық Азия елдерінің арасындағы су ресустарына қатысты келіспеушілік Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан елдерінің трансшекаралық өзендерді пайдалануына байланысты. Қазақстан мен Өзбекстан суды егінді суғару мақсатында пайдаланса, Тәжікстан мен Қырғызстан суды жинап, кейін оны электр қуатын өндіру үшін төменге қарай ағызады.

Атап айтсақ, Өзбекстан Тәжікстанда Рогун СЭС, Қырғызстанда "Қамбарата-1" және "Қамбарата-2" СЭС салу туралы жобаға қарсылық білдіруде, өзбек жағының пікірінше, мұндай нысандарды пайдалану Амудария және Сырдария өзендеріндегі су ағынын қысқартады, соның салдарынан ирригациялық мақсатта су жетпей қалмақ-мыс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны