01.07.2009, 18:38 2304

БҰҰ Қазақстан президентінің Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды

БҰҰ Қазақстан президентінің Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу жөніндегі бастамасын жан-жақты қолдайды. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы Еуропалық бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзе мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы президент мырзаның халықаралық қоғамдастық үшін өте маңызды және өте керекті бастамасын қолдайтынын айтқым келеді. Бұл бастама адамдардың, діндердің, нәтижесінде мемлекеттердің арасындағы байланыстарды жақсартуды көздейді", деді ол.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Норвегияның бұрынғы премьер-министрі, бейбітшілік пен адам құқығы үшін орталығының басшысы Кьелл Магне Бондевикті де қабылдады.

"Біз Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау мәселесін талқыладық. Біз Қазақстанның ұйымға төрағалығынан көп үміт күтеміз. Біз ядролық қару таратпау жөнінде де ортақ ұстанымдамыз", деді ол Қазақстан президентінің қабылдауынан кейінгі брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны