Нью-Йорк. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. БҰҰ бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Антонио Мария Коста Қазақстанның Орталық Азиядағы халықаралық есірткі тасымалына қарсы күреске қосқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің арнаулы тілшісі Нью-Йорктан.
ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуде БҰҰ бас хатшысының орынбасары Орталық Азия аймақтық есірткі айналымымен күрес жөніндегі ақпараттық-үйлестіру орталығын құру бағытында Қазақстан үкіметі қолданып жатқан шараларды ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, басқарма басшылығымен кездесуде Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Орталық Азия аймағында есіткінің таралуына қарсы күрес саласындағы тәжірибелік ықпалдастығына қатысты мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті