Система Orphus

БҰҰ миссиясының басшысы Қазақстанға ауған мәселесін талқылау үшін келеді

25.06.2012, 16:58 2260

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - БҰҰ миссиясының басшысы Қазақстанға ауған мәселесін талқылау үшін келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Ян Кубиш мемлекет басшылығымен ауған мәселесін жан-жақты талқылау үшін Қазақстанға келеді, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Ибибуллаев.

Сапар аясында Я.Кубиштің Мемлекет басшысымен, ҚР Сыртқы істер министрімен және ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен кездесулері көзделген.

"БҰҰ Ауғанстандағы миссиясының жетекшісі Қазақстанға сапарының негізгі мақсаты ел басшылығымен ауған мәселесін, ҚР мен БҰҰ арасындағы халықаралық ынтымақтастығы аясына кіретін Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, Ауғанстан еліне қаржы және гуманитарлық көмек көрсету мәселелерін талқыға салу болмақ", - деді А.Ибибуллаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

Ең көп оқылғаны