18.04.2008, 14:23 2843

БҰҰ Тәжікстанға төтенше көмек көрсету үшін донор мемлекеттерден $1,9 млн бөлуді сұрады

БҰҰ Тәжікстанға төтенше көмек көрсету үшін донор мемлекеттерден $1,9 млн бөлуді сұрады

Душанбе. 18 сәуір."Қазақстан Бүгін" - БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқармасы донор мемлекеттерден Тәжікстанға төтенше көмек көрсету үшін $1,9 млн бөлуді сұрады, деп хабарлайды агенттік Тәжікстанның "Азия-Плюс"ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

БҰҰ ақпарат орталығы хабарлағанындай БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқармасы Тәжікстанда қардың тез еруінен су тасқыны мен селдің жүруіне байланысты алаңдаушылық білдіруде.

" БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқармасы сел мен су тасқынының болуы мүмкін деп ескертуде. Басқарма бір жарым мың от басына ауыз су мен қазетті азық -түліктерді сатып алып жеткізу үшін донорлардан шамамен $1,4 млн шұғыл түрде қаржы бөлуде сұрады", - деп хабарлады БҰҰ баспасөз хатшысы Мишель Монтас Нью-Йоркте өткен брифингте.

М. Монтас айтқанындай, мұндай ауа райы Тәжікстанда шегірткелердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін, зақымдалған жер алқаптарын өңдеу керек. Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдардың жасаған есептері бойынша, бұл жұмысты атқару үшін тағы да $500 мың керек. Бұл қолға алынбаса шегірткелер барлық жерге таралып кететін болады деп ескерту жасалды.

БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқармасы биылғы жылдың наурыз айында қыстан кейін табиғи апаттарға ұрынған Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде донорларды ескертіп, қол ұшын беруді сұраған.

Сол кезде басқарма өкілдері қыстан зардап шеккен Тәжікстан аумағында енді қар мен боранның орнына нөсерлі жаңбыр келіп, су тасқынын туғызды деп хабарлаған.

"Тәжікстандағы орнаған қолайсыз ауа райы ауыл шаруашылық секторын үлкен шығындарға ұшыратты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша басқармасы 500 мың тұрғыны бар Тәжікстан жақын арада азық-түлік тапшылығына ұрынуы мүмкін деп алаңдаулы ", - деп хабарлады басқарма қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны