10.01.2008, 11:51 2182

БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккен Қырғызстандықтарға көмек көрсету шараларын жалғастыруда

БҰҰ жер сілкінісінен зардап шеккен Қырғызстандықтарға көмек көрсету шараларын жалғастыруда

Нью-Йорк. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық мәселелерін үйлестіру жөніндегі басқармасы жер сілкінісінен зардап шеккен Қырғызстандықтарға көмек көрсету шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпараттар орталығына сілтеме жасай отырып.

БҰҰ мәліметтері бойынша, апатты аймаққа 200 жылу пеші, қаптөсектер, көрпелер, жылы киімдер, гигиеналық заттар жеткізілді.

БҰҰ хабарлағанындай, кеше Ұлыбританияның үкіметі Қырғызстан тұрғындарына 400 жылы шатырды жіберетіндерін хабарласа, Норвегия үкіметі жер дүмпуінен баспанасыз қалғандарға 120 қысқы шатырды жөнелтті.

БҰҰ басқармасы басқа донор елдерді осындай шараларды қолға алуға шақырып, зардап шеккендердің азық-түлік, қосымша жылытқыш құралдарға эәру екендіктерін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны