22.05.2008, 16:42 3174

БҰҰ зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қытай үкіметіне $8 млн бөлді

БҰҰ зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қытай үкіметіне $8 млн бөлді

Алматы. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда БҰҰ қызметінің үйлестірушісі Халид Малик 21 мамырда зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қытай үкіметіне $8 млн чегін табыс етті. Бұл қаржы төтенше жағдайларға әрекет ету Орталық қорынан бөлінді, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

БҰҰ өкілі мәлімдегеніндей, қаржылай көмек халықаралық қауымдастықтың Қытай халқымен ынтымақтастығын білдіреді. Ол табиғи апатты жойып, адамдарды құтқаруға бағытталған Қытай үкіметінің әрекеттеріне жоғары баға берді. Х. Малик БҰҰ бұл бағытта одан әрі қарай көмек көрсетуге дайын екендігін растады.

БҰҰ гуманитарлық мекемелер зардап шеккендерге көмек көрсетулерін жалғастыруда. БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) апат болған аймаққа өзінің сарапшыларын жіберді. Олар гуманитарлық сұраныстарды бағалап, балаларға психологиялық көмек көрсететін болады. Илемдің азық-түлік бағдарламасы осы аптаның аяғына дейін Сычуань провинциясына сұйық май, ұн, күріштің екінші жүгін жеткізуде көздеп отыр. Бұл азық-түлік 100 адамды үш апта бойы тамақтандыруға жетеді.

Босқындар ісі жөніндегі бас комиссар басқармасы баспанасыз қалғандарға көмек беру жөніндегі Қытайдың өтінішін қабыл алды. Таяу уақытта босқындар ісі жөніндегі бас комиссар басқармасы зардап шеккен аймаққа 11 мың шатыр жіберетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны