23.05.2007, 16:19 2880

БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті сессиясы 2008-жылдың сәуір-мамырында Бангкокте өтеді

АЛМАТЫ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 64- сессиясы 2008-жылдың сәуір-мамырында Бангкокте өтеді. Бұл туралы комиссияның 63-ші сессияның қорытындысына арналған баяндамасының жобасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Комиссия 64-ші сессияны БҰҰ-ның Бангкок қаласындағы бас қосу орталығында, алдын ала болжам бойынша 2008-жылдың сәуір немесе мамыр айларында өткізуді қаулы етеді",- делінген құжатта.

"Комиссия 64-ші сессияның басты тақырыбы ретінде "Азия-Тынық мұхиты аймағындағы энергетикалық қауіпсіздік және тұрақты даму" тақырыбын таңдау туралы ұсынысқа қатысты "инновациялар мен бәсекелестік қабілеттілік" элементтерін енгізу жөнінде жалпылама келісімге келгенімен, басты тақырып комиссия мүшелері тағайындаған тұрықты және басқа да өкілдердің консультациялық комитетімен ақылдаса отырып әлі де нақтыланады",- делінген бачндама жобасында.

БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) кезекті 63- сессиясы мамырдың 15 мен 23 аралығында Алматыда өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны