10.08.2006, 16:35 3333

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қырғызстанның Өзбекстан азаматтарын еліне қайтарып беруіне қайран қалуда

БІШКЕК. 10-тамыз. Kazakhstan Today. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қырғызстанның Өзбекстан азаматтарын еліне қайтарып беруіне қайран қалуда. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы бүгін Бішкекте таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Халықаралық ұйым бұл қадам босқындардың өміріне үлкен қауіп төндіреді деп санайды.

"Бұл қадам Босқандар жөніндегі 1951-ші жылғы конвенцияны өрескел бұзу болып табылады. Ал Қырғызстан оны бекіткен",- дейді босқандар ісі жөніндегі бас комиссар Антонио Гутьерреш өз мәлімдемесінде. "Төрт босқынға қатысты сот мәжілістері басталған сәттен бері біз Қырғызстан өкіметінен халықаралық міндеттемелерін орындауды сұрап келдік",- деді ол.

Осыған байланысты БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Өзбекстан үкіметін Өзбекстанның бес азаматын халықаралық бақылаушылармен жолықтыруға шақырады. Олардың адам ретіндегі басты құқықтарының сақталуына кепілдік беру үшін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан былтырғы жылдың мамыр айындағы Индіжан оқиғаларынан кейін елге қашып келген бес босқынды Өзбекстанға кеше қайтарып берді. Өзбекстанның бес азаматының төртеуінде босқын мәртебесі, ал бесіншісінде бас сауғалаушы деген мәртебе болған.

Оларға ресми Ташкент аса ауыр қылмыстар жасаған деген айып тағып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны