30.03.2007, 14:05 3068

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі келісімге тез арада қол қойылады деп үміттенеді

АСТАНА. 30-наурыз. Kazakhstan Today. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі келісімге тез арада қол қойылады деп үміттенеді. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссары басқармасының Азия және Тынық мұхиты аймағы елдері бюросының директоры Джанет Лим бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сапар кезінде біз БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартына қол қою мәселесін біршама жемісті талқыладық. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы бұл келісімге әлемнің барлық елдерімен қол қояды. Біздің білуімізше, бұл келісімнің жобасы қазір қаралып жатыр. Көп кешікпей оған қол қойылады деп сенемін",- деп мәлімдеді Д.Лим.

Оның айтынша, бұл келісім "ұйым мен ұйым жұмыс істеп жатқан елдің үкіметі арасындағы ықпалдастықтың аясын белгілейді". "Келісімнің басты тұстарына келсек, онда артықшылықтар мен иммунитеттер айқындалып, ынтымақтастыққа қажетті белгілі бір ақпаратқа қол жеткізу деңгейі қарастырылады",- деді Д.Лим.

Сонымен бірге оның айтуынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бас комиссарының басқармасы мен Қазақстан арасында жасалған мәмілеге сәйкес басқарма республиканың босқындарға қатысты ұлттық заңнаманың жобасын жасауына септігін тигізеді. "Бұл аса маңызды құқықтық құжат. Онда елдің босқындармен жұмыс істеуінің құқықтық аясы айқындалады. Мұндай заңның болуы Қазақстанға өзінің халықаралық міндеттемелеріне сай келуге көмектеседі",- деді Д.Лим.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны