16.10.2006, 10:50 3303

БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы ұйымды реформалауды одан әрі жалғастыруға уәде берді

АЛМАТЫ. 16-қазан. Kazakhstan Today. Жұма күні БҰҰ Бас хатшылығына тағайындалған Оңтүстік Кореяның сыртқы істер және сауда министрі Пан Ги Мун бұған дейін қолға алынған ұйымды реформалау бағытын одан әрі жалғастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Біз осы ұйымның болашағына деген сенімді нығайта түсу үшін оны жаңалауды одан әрі жалғастыруымыз қажет",- деді жаңа бас хатшы. Оның айтуынша, БҰҰ-ның басты мақсаты - бейбітшілікті сақтау мен адам құқығын қорғай дамытуға саяды.

АЛМАТЫ. 16-қазан. Kazakhstan Today. Жұма күні БҰҰ Бас хатшылығына тағайындалған Оңтүстік Кореяның сыртқы істер және сауда министрі Пан Ги Мун бұған дейін қолға алынған ұйымды реформалау бағытын одан әрі жалғастыратынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз осы ұйымның болашағына деген сенімді нығайта түсу үшін оны жаңалауды одан әрі жалғастыруымыз қажет",- деді жаңа бас хатшы. Оның айтуынша, БҰҰ-ның басты мақсаты - бейбітшілікті сақтау мен адам құқығын қорғай дамытуға саяды.

Жұма күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысы бойынша дауыс берусіз Пан Ги Мунды БҰҰ-ның жаңа бас хатшылығына тағайындаған еді. Пан Ги Мун ұйымды 2007 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін басқарады. Пан Ги Мунның ант беру рәсімі желтоқсан айында өтеді. 62 жастағы корей азаматы БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы болмақ.

БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Кофи Аннан өзінің ізбасары Пан Ги Мунды осы қызметке тағайындалуымен құттықтады. Па Ги Мунның "мол тәжірибесін" атап көрсеткен К.Аннан, болашақ бас хатшылықтың ертерек сайлануы өкілеттіктің асықпай, байсалды берілуін қамтамасыз етеді, деді. К.Аннаның өкілеттілік мерзімі 2006-жылдың 31-желтоқсанында аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны