10.09.2008, 16:58 2671

Чехия Оңтүстік Осетия мен Абхазия мәселесінің саяси жолмен шешілуін қолдайды - Чехия сенатының төрағасы

Чехия Оңтүстік Осетия мен Абхазия мәселесінің саяси жолмен шешілуін қолдайды - Чехия сенатының төрағасы

Астана. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Чехия Оңтүстік Осетия мен Абхазия мәселесінің саяси жолмен шешілуін қолдайды. Бұл туралы Чехия парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Соботка Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу қорытындысы бойынша өткен пресс-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Еліміздегі бүкіл саяси сахна, соның ішінде сенат та осы шиеленіске қатысты айқын ұстанымда болды. Біз қандай да шиеленістің саяси жолмен шешілуін қолдаймыз, өйткені, күш қолдану туралы шешімнен әрқашан қарапайым халық опық шегеді. Біз егеменді елдің шекарасы қандай жағдайда да бұзылмауын жақтаймыз", - деді П. Соботка.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны