08.05.2008, 17:43 3097

Д. Медведевтің алғашқы шетелдік сапары Қазақстаннан басталады

Д. Медведевтің алғашқы шетелдік сапары Қазақстаннан басталады

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресей президенті ретінде Дмитрий Медведев алғашқы шетелдік сапарын Қазақстаннан бастайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресей Федерациясы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 22-23 мамыр күндері Ресей президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Кремльдің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "Астанадағы шаралар аяқталғаннан кейін (23-24 мамыр) ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыртуымен Д. Медведевтің Қытай Халық Республикасына ресми сапары жоспарланған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны