11.03.2011, 13:03 5072

Далай Лама саясаттан кететіндігі туралы мәлім етті

Далай Лама саясаттан кететіндігі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Далай Лама саясаттан кететіндігі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Хабар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Тибеттің будда сеніміндегі халқының рухани көсемі саналатын Далай Лама енді өзінің саясатпен айналыспайтынын жария етті.

Далай Лама "Тибеттің қуғындағы үкіметі" деп аталатын ұйымының саяси жұмысына араласпайтынын және бұл міндетті "аға министр" деп аталатын тұлғаның құзырына тапсыратынын ескертті.

Ол сондай-ақ, өз шешіміне орай "Қуғындағы тибеттіктердің хартиясы" деп аталатын құжатқа өзгерістер енгізілсе деген тілек білдірді. Бұл құжат олардың өзіндік конституциясы іспетті.

Келесі аптада "Тибеттің қуғындағы парламенті" деп аталатын ұйымы аға министрдің сайлауын өткізеді. Қытай үкіметі Далай Ламаны сепаратист деп санайтындықтан оның мәлімдемесіне сене қоймайтынын жариялады. Қытай үкімет өкілінің мәлімдеуінше бұл - "халықаралық қауымдастықты алдау амалы болуы мүмкін".

Естеріңізге сала кетсек, Далай Лама бұдан бұрын да саясаттан аулақ жүруге шешім қабылдағанын айтқанымен, онысы іске аспаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны