30.06.2010, 11:15 3768

Дауыс берген сайлаушылардың 90 пайыздан астамы жаңа Конституцияны мақұлдады

А. Сариев "дауыс берудің алдын ала нәтижелері ешқандай күдік туғызбайды және шынайылықты суреттейді. Өйткені, адамдар республикадағы тұрақтылық пен тыныштық үшін референдумда қолдап дауыс берді", - деп есептейді.

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Алдын ала жасалған қорытындыға сәйкес, дауыс берген сайлаушылардың 90 пайыздан астамы жаңа Конституцияны мақұлдады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Ақылбек Сариев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "АКИpress" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

А. Сариев "дауыс берудің алдын ала нәтижелері ешқандай күдік туғызбайды және шынайылықты суреттейді. Өйткені, адамдар республикадағы тұрақтылық пен тыныштық үшін референдумда қолдап дауыс берді", - деп есептейді.

Тілшілердің сауалдарына жауап бере отырып, ол жекелеген сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар мен бұрмалаушылықтардың болу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын, алайда, оның жаппай орын алуы мүмкін емес екендігін жеткізді. Қазіргі уақытта заң бұзушылықтар бойынша ешқандай да шағымдар келіп түскен жоқ. Тек базарларда сайлауды ұймдастыруға қатысты бір арыз ғана бар. Ол арызды ОСК мүшелері қарастырады, деді ол.

А. Сариевтың ақпаратына сүйенсек, референдумды ұйымдастыру мен өткізуге кететін шығындардың сметалық құны 130 млн сом мөлшерінде бекітілген. Алайда, әртүрлі донорлардан көмек келгенін есепке алар болсақ, Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік бюджеттің 40 млн сомнан астам қаражат үнемделуі мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны