22.12.2008, 11:21 1810

Делиде "Қазақстан мен Үндістанның өзара ықпалдастығы: сұрақтар мен перспективалар" атты халықаралық конференция өтті

Делиде "Қазақстан мен Үндістанның өзара ықпалдастығы: сұрақтар мен перспективалар" атты халықаралық конференция өтті

Астана. 22 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Делиде 18-19 желтоқсанда Қазақстанның Үндістандағы елшілігі мен үнді ғылыми-зерттеу қоры Observer Research Foundation (ORF) ұйымдастырған "Қазақстан мен Үндістанның өзара ықпалдастығы: сұрақтар мен перспективалар" атты халықаралық конференция болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, конференцияға ҚР Бірінші президенті қорының жанындағы Илемдік экономика және саясат институтының (ИЭСИ), ҚР президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Ил-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өкілдерінен құрылған халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылар қатысты.

Конференцияда екіжақты қатынастардың өзекті мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік аспектілері талқыланды. ҚР мен ҮР арасындағы стратегиялық сұхбат жөнінде баяндама жасаған ИЭСИ директоры Марат Шайхутдинов "Азия құрлығындағы екі бейбітшіл және беделді ірі мемлекеттердің - Қазақстан мен Үндістанның - көптеген перспективалық бағыттардағы дамып келе жатқан стратегиялық сұхбаты еуразиялық қауіпсіздіктің бекітетін қуатты факторы болып табылады",- деп мәлімдеді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде сарапшылар ең қысқа көлік дәліздерін ашуға, энергетика, инвестиция және банкинг салаларындағы кооперацияны дамытуға аса көңіл бөлу қажеттігін атады. Астана мен Дели арасындағы ядролық ынтымақтастықтың перспективалары ерекше атап көрсетілді. Екі ел азаматтары арасындағы тікелей байланыстардың өсіп отырғандығы ортаға салынды. Екі күндік талқылаулардан соң қатысушылар екі жақты қатынастар дәрежесін стратегиялық әріптестікке дейін көтеру керектігі туралы ортақ пікірге келді.

Сапар нәтижесінде ИЭСИ мен ORF арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімде сарапшылар кеңесін құру қарастырылған. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау мақсатында кеңестің отырысының ең аз дегенде жылына екі рет өтуі жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны