23.08.2006, 15:52 2945

Демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс тобы өкілетті органдардың құзыреті аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды қарауды ұсынады

Демократияландыру мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының жұмыс тобы өкілетті органдардың құзыреті аясын кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды қарауды ұсынады

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның өкілетті органдардың құзыреті аясын кеңейту жөніндегі жұмыс тобы комиссияның отырысына өкілетті органдардың құзыреті аясын кеңейтуге бағытталған ұсыныстар топтамасын енгізеді. Осындай шшеім бүгін өткен отырыста қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары Еркін Беркалиевтің түсініктемесіне сәйкес, жұмыс тобы мемлекеттік басқару жүйесін президенттің таныстыруы бойынша палаталардың бірлескен отырысында парламент бекітуге тиіс деген ұсыныс жасады. Мәселен, үкімет басшысын парламенттің келісімінен кейін президент тағайындауға және жұмыстан босатуға тиіс. Үкіметтің мүшелерін де президент тағайындап жұмыстан босатады. Бірақ олардың кандидатурасы алдымен парламенттің салалық комитеттерінде талқыланып, парламент оған келісімін беруге тиіс. Үкіметтің құрамына енбейтін орталық атқарушы билік органдарының басшыларын, сондай-ақ, ұлттық компаниялар мен холдингтердің жетекшілерін үкімет тағайындайды, ал олардың кандидатурасын мәжіліс талқылап келісімін беруге тиіс.

Сонымен бірге жұмыс тобы парламент депутаттарының санын арттыруды ұсынады. Мәселен, мәжіліс депутаттарының санын 134-ке дейін қосу, соның ішінде 67 депутатты бір мандатты округтер бойынша, 67 депутатты партиялық тізім бойынша сайлау ұсынылып отыр. Сенат депутаттарының саны 68 адамға жеткізілуге тиіс. Ирбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен Елордасының әрқайсысынан 3 адамнан сайланып, 20 депутатты халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобы мен азшыл ұлттардың мүддесін ескеру негізінде қоғамдық бірлестіктердің таныстыруымен президент тағайындауға тиіс.

Аталмыш ұсыныстарды талқылау барысында президент тағайындайтындардан өзге сенат депутаттары үшін нақты бір санды атап көрсетпеуге шешім қабылданды. Ал әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен Елордасының әрқайсысынан 3 адамнан сайлау жөніндегі ұсыныс өзгеріссіз қалды.

Жұмыс тобының ұсыныстары Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысына таныстырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны