15.02.2010, 09:45 1230

Дмитрий Медведев Қазақстанда ЕҚЫҰ саммитін өткізу туралы Н.Назарбаевтың бастамасын қолдады

Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің қала сыртындағы Завидово резиденциясында РФ президенті мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми кездесуі болды. Тараптар халықаралық проблемалар мен аймақтық мәселелерді талқылады. Д.Медведев сондай-ақ 2010 жылы Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) саммитін өткізу туралы Н.Назарбаевтың бастамасын қолдады.

Алматы. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевтің қала сыртындағы Завидово резиденциясында РФ президенті мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейресми кездесуі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар халықаралық проблемалар мен аймақтық мәселелерді талқылады.

Д.Медведев сондай-ақ 2010 жылы Қазақстанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) саммитін өткізу туралы Н.Назарбаевтың бастамасын қолдады.

Бұған қоса экономикалық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды. "Өткен жылдың ауыр болғанына қарамастан, біз біраз шаруаларды тындырдық. Екі ел арасындағы тауар айналымы шамалы азайды. 2008 жылы ол $20 млрд шамасында болса, 2009 жылы 30% аз болып шықты. Бірақ біз оның орнын толтырамыз деп ойлаймын. Біздің елдеріміздің экономикасы бойын тіктеп келеді, әлемдік қаржылық ахуал тұрақтана бастады. Сол себепті біз экономикалық және гуманитарлық салаларда екі жақты ынтымақтастықтың жолдарын анықтап алуымыз қажет. Бұл тұрғыда беталысымыз өте жақсы. Меніңше, бірқатар экономикалық үдерістерді қарқындандыру жайын ойластырып, бизнеске көмек көрсетуіміз керек", - деді Д. Медведев.

Өз кезегінде Н. Назарбаев РФ президентіне Мәскеуге шақырғаны үшін алғыс айтып, Қазақстанның биылғы жылға үлкен үмітпен қарап отырғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Қазақстан қазір ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауда. ЕҚЫҰ саммиті өткізілмегелі 11 жыл болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны