03.04.2009, 16:22 3348

Дүйсенбіде Иран президентінің Қазақстанға ресми сапары басталады

Дүйсенбіде Иран президентінің Қазақстанға ресми сапары басталады

Астана. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Дүйсенбіде Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың Қазақстанға ресми сапары басталады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Дүйсенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Қазақстанға ресми сапармен келеді деп күтілуде. Сапар барысында Иран президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізеді", - деді И. Омаров.

Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың негізі 1992 -жылдың 29 қаңтарында қаланған. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігі 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір Ирандағы Қазақстан Республикасының істерін уақытша жауаптанушы болып Оңталап Оңалбаев істейді.

Қазақстандағы Иран елшілігі 1992 жылдан бері жұмыс істейді. 2005 жылдың мамыр айынан бері Қазақстандағы Иран елшісі қызметін Ромин Мехмонпараст атқарып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны