09.10.2009, 15:08 3609

Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан президентінің 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау білдірді

Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан президентінің 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау білдірді

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау білдірді. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 18-ші сессиясының қорытындысы бойынша таратылған баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, "2009 жылдың 8 қазанында Астанада Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы өз сессиясының соңғы күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау білдіретінін мәлімдеп, оны Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 18-ші сессиясының қорытынды резолюциясында атап көрсетті".

"Бейбітшілік пен тұрақтылық туризм үшін тіптен маңызды екенін баршаға мәлім. Өйткені, саяхаттар мен оған байланысты қызметтер саяси тұрақсыздық пен әскери шиеленістерден бірінші кезекте зардап шегеді", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 18-ші сессиясына қатысушыларға арнаған сөзінде.

Қазақстан президентінің аталған бастамасына БҰҰ мен әлемнің 57 елі мүше болып табылатын Ислам Конференциясы ұйымының бас хатшылары қолдау білдірді.

Ал Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 18-ші сессиясының қорытынды мәжілісінде жиынға қатысушы елдердің делегаттары ұйым сессиясын жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстан халқына өз ризашылықтарын білдірді.

Жиынға қатысқан 112 мемлекеттің 360 делегаты Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 18-ші сессиясының жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өтіп, Қазақстан халқының қонақжайлығы үшін, елордасы Астана мен қазақ халқының тарихымен танысуға мүмкіндік бергені үшін және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ассамблея жұмысын ашқаны үшін өз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ ДТҰ Бас Ассамблеясының 18-ші сессиясына төрағалық еткен ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетовқа арнайы алғыс айтылды. Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясының кезекті 19-шы сессиясы Оңтүстік Кореяда өтетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны