21.07.2008, 17:26 2783

Душанбе қаласында 25 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы болады

Душанбе қаласында 25 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы болады

Астана. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Душанбе қаласында 25 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүше-мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

СІМК отырысы барысында биылғы 28 тамызға жоспарланған ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының кеңесін өткізу бойынша дайындық мәселелері, сонымен қатар әлемдегі жағдай дамуының негізгі тенденциялары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту секілді өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылады.

ШЫҰ мүше-мемлекеттер сыртқы саяси ведомстволарының басшылары бірқатар шешімдерге қол қойып, СІМК қорытындылары бойынша ақпараттық жариялым қабылданады.

СІМК алдында, Душанбе қаласында 2008 жылдың 21-23 шілдесінде өтетін ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің ұлттық үйлестірушілердің отырысы барысында СІМК мен ШЫҰ мүше-мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жұмыстары қарастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны