25.09.2009, 13:52 3094

Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясы өтеді

Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясы өтеді

Астаан. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев 30 қыркүйекте Душанбе қаласында өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясының жұмысына қатысады.

Ол "Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әлемдік қаржы - экономикалық дағдарыс жағдайында мемлекеттің қаржы ресурстарын пайдалану саласындағы рөлі мен орны туралы" тақырыпта баяндама жасайды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясына қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жоғары қаржылық бақылау органдарының жаһандық қаржы - экономикалық дағдарыстың салдарын еңсерудегі рөлін талқылайтын болады.

Талқылаудың нәтижесі бойынша Қазақстанның, Изербайжанның, Беларусьтің, Қырғызстанның, Молдованың, Ресейдің, Тәжікстанның, Түрікменстанның, Украинаның жоғары қаржы бақылау органдарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшылары кеңесінің IX сессиясының қорытынды құжаттарына қол қояды деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, аталған сессияның аясында, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржылық бақылау органдары басшыларының кеңесіне төрағалық еткен Ресей Федерациясының Есеп палатасы осы қызметті ресми түрде Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне өткізеді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары басшыларының кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары қаржы бақылау органдары арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін 2000 жылы құрылған болатын.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. Ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны