25.05.2010, 10:21 2613

Душанбеде ЕҚЫҰ-ның Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Орта Азиялық 12-ші конференциясы өтеді

Душанбеде ЕҚЫҰ-ның Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Орта Азиялық 12-ші конференциясы өтеді

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Прагада 24 және 26 мамыр аралығында "Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы аймағындағы шекарадан өту орындарында тиімді басқару тәсілдерін жетілдіру, жер үсті көліктің қауіпсіздігін арттыру, халықаралық авто және теміржол көлік қатынасын жеңілдету" тақырыбындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының 18-ші Экономикалық-экологиялық форумының екінші бөлімі өткізіледі. Бұл туралы кеше журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Осы іс-шараның шеңберінде жер үсті тасымалы мен көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы аймағындағы теміржол тасымалы әлеуетін барынша тиімді пайдалану, темір жол саласындағы құқықтық тәртіптердің және құжаттандырудың бірізділендіруін, оның ішінде жалпы CIM/SMGS көліктік құжаттарының пайдаланылуын ілгерілету мәселелерін қарастыру жоспарланған.

Осы іс-шараға Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердегі мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың 300-ге жуық өкілдері қатысады деп күтілуде.

Отандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Ибілғазы Құсайынов бастайды.

Сондай-ақ, Душанбеде 25-26 мамырда "Ақпаратқа қол жеткізу" тақырыбында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі Орта Азиялық 12-ші конференциясы өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов басшылық ететін отандық делегация қатысады.

Конференция журналист, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдеріңің кәсіби тәжірибе мен пікір алмасуына жағдай жасауды көздейтін басқосу болып табылады. Қатысушылар мен мамандар қолданыстағы тәжірибені зерттеп, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жаңа мақсаттарды анықтайды, сонымен қатар кәсіби құндылықтарға қатысты мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Аталмыш бас қосуда келесі тақырыптар талқыланады: "Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы халықаралық стандарттар", "Орталық Азиядағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері", "Орталық Азиядағы БАҚ бостандығы".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны