29.05.2009, 18:23 3126

Душанбеде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумы өтуде

Душанбеде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумы өтуде

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумы өтуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Тәжікстан БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин 29-30 мамырда Душанбеде өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форумына қатысады. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті.

"Душанбеде 29-30 мамырда "ЕО үштігі - Орталық Азия елдері" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, оған Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, форумда Орталық Азия елдері және Еуропалық Одақ форматындағы ағымдағы ықпалдастық мәселелерін, Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы 2013 жылға дейінгі өңірлік стратегиясын бірлесе жүзеге асыру, өңірлік ынтымақтастық, соның ішінде экономикалық дағдарыстың экономикаға, саудаға, инвестициялар мен көші-қонға әсері, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Бұған қоса форум аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны