11.04.2011, 14:48 4394

Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасалды

Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің қызметкеріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, белгісіз біреулер Душанбедегі Қазақстан елшілігінің қызметкерін ұрып кеткен. Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Минара Раханова мәлім етті.

"Қазақстан елшілігінің дипломаты жексенбі күні Тәжікстанның көшелерінің бірінде жанұясымен келе жатқан кезінде, оған және оның әйеліне күндіз бір топ белгісіз біреулер ұлтшыл ұрандармен өтіп баражатып шабуыл жасаған. Ол соңына дейін қақтығыс болдырмауға тырысқан", - деді.

Дипломаттың әйелі мен сәбиі жараланбаған.

Тәжікстан билік өкілдері кінәлілерді іздеп тауып қажетті шараның барлығын жасайтынына сендірді. "Болған жағдаймен барлығы хабардар етіліп, қазір билік органдары (шабуыл) жасағанды қолға түсіру үшін тиісті іздестіру жұмыстарын жасап жатыр. Біз қазір олардан нәтижесін күтіп отырмыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, 8-сәуір күні Шымкентте құрылыс компаниясының кассирін өлтіріп, тонап кеткен болатын.

Photo: gazeta.lv.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны