20.04.2009, 17:59 3114

Душанбеде Орталық Азия, Иран және Ауғанстан елдері қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

Душанбеде Орталық Азия, Иран және Ауғанстан елдері қазақтарының кіші құрылтайы өтеді

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 20-22 сәуірде Қазақстан елшілігімен Тәжікстандағы қазақтардың "Бәйтерек" атты қоғамдық ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен Орталық Азия, Иран және Ауғанстан елдері қазақтарының кіші құрылтайы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

І.Омаровтың айтуынша, Орталық Азияда бірінші рет өткелі отырған бұл құрылтайға Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы қазақ диаспоралары өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазақстан тарапынан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация қатыспақ.

Құрылтай барысында, "Бәйтерек" қоғамдық ұйымының жұмыстарымен таныстыру шаралары, дөңгелек үстел және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны