02.10.2007, 17:56 3022

Душанбеде ТМД мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі

Душанбеде ТМД мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтеді - Сыртқы істер министрлігінің өкілі

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде 4 - 5 қазанда ТМД мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Дипломаттың ақпараттарына сүйенсек, Душанбеде сондай-ақ ТМД мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері Кеңесінің отырысы да өтеді.

"Отырыстың күн тәртібі ТМД реформалауға, Достастыққа мүше мемлекеттердің көші-қон саясатындағы өзара ықпалдастыққа, әскери ынтымақтастық саласы мен қылмыспен күрес, сондай-ақ білім және ғылым саласына қатысты көптеген мәселелерді қамтиды",- деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны