04.04.2007, 15:22 3203

Душанбеде ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

ДУШАНБЕ. 4 - сәуір. Kazakhstan Today. Душанбеде бүгін ТМД парламентаралық ассамблеясының экономика және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республиканың Маджлиси намояндагон Маджлиси оли (парламенттің төменгі палатасы) баспасөз қызметінен хабарлағандай, онда 12 мәселе талқыланды.

Тәжікстан Республикасы Маджлиси намояндагон Маджлиси оли төрағасы Сайдулло Хайруллоев парламентаралық ассамблеяның ТМД елдері арасында парламенттік байланысты дамыту мен нығайтуда атқаратын маңызды рөлін атап өтті. Палата төрағасының айтуынша, "Маджлиси намояндагон депутаттары ТМД елдерінің парламентаралық байланысын одан әрі дамытуға талпынуда және бұл іске әріқарай да өз үлестерін қоса береді".

Мәжіліске Изербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина парламентшілері келді. Бүгін комиссия мүшелері сондай-ақ, Тәжікстанның Ұлттық банкінің іс-қызметімен танысып, елдің тарихи-өлкетану мұражайына барады. Сонымен қатар, олар Турсунзад қаласына барып, Тәжікстан алюминий зауытының жұмысымен танысады, деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны