24.09.2007, 16:38 3361

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясының отырысы ашылды

Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясының отырысы ашылды.

Душанбе. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Душанбеде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымның Парламенттік ассамблеясы отырысының ашылуы болды, оған ұйымның Парламенттік ассамблеясының тұрақты комиссиясына мүше депутаттар қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Парламент ассамблеясы отырысының негізгі мақсаты - Орталық Азия елдеріндегі әскери-саяси ахуалды зерделеу және Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарты ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет аралық байланыстарын нығайту болып табылады.

Қазақстан Республикасы парламентінің мәжіліс депутаты Ахан Бижанов, "бұл кездесу - Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Парламенттік ассамблеясы аясындағы маңызды бірінші оқиға", деп атап өтті. Оның айтуынша, дүниежүзіндегі ауқымды процесстер үкіметтердің, соның ішінде үкіметтердің іс-қызметінің үйлестірілуін талап етеді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік ассамблеясы өкілдерінің жетекшісі, Ресей Федерациясының Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасы комитетінің төрағасы Владимир Васильев өз кезегінде, "әсіресе сөз ТМД сыртқы шекарасы туралы болып отырғанда" шекара күзетінің маңыздылығын атап көрсетті. Ол, Ресей Федерациясы "соңғы жылдары оңтүстік шекарасында лаңкестікке ұрынып отырғандығын" еске сала кетті. "Бірақ бүгінде шекараны нығайту, шекарашыларды жаңа жабдықтармен жабдықтау және басқа да шаралар нәтижесінде лаңкестік актілер 2003 жылмен салыстырғанда 2 есеге дейін, ал оңтүстік шептерде - 4 есеге дейін қысқарған",- деп атап өтті ол.

Отырыс барысында Тәжікстанның Маджлиси намояндагон маджлиси оли тәртіп, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Абдуманнон Холиковтың пайымдауынша, "заңсыз есірткі тасымалына, лаңкестік пен экстремизмге қарсы кешенді щаралар қабылдау қажет". Осыған байланысты Тәжікстан парламентінің төменгі палатасының спикері Сайдулло Хайруллоев, "есірткі тасымалына қарсы күресті оның бастау алатын жерінен, яғни Ауғанстанда пәрмендендіру қажет" деп қосты.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымның Парламенттік ассамблеясы өкілдерінің отырысы 26-қыркүйекте аяқталады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымы хатшылығының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, делегация құрамына Ресей Федерациясынан, Беларусь , Қырғызстан және Қазақстаннан парламентшілер кірген.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы 1992 жылдың 15-қыркүйегінде қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім негізінде бұрынғы Кеңес республикалары құрған әскери-саяси одақ. Келісім бес жыл сайын автоматты түрде ұзартылып отырады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы 2003 жылдың 18-қыркүйегінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымның жарғысы мен ұйымның құқықтық статусы туралы келісім күшіне енгеннен кейін толыққанды халықаралық аймақтық ұйым ретінде жұмыс істей бастады. 2004 жылдың желтоқсанында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесін алды. Қазіргі уақытта ұйымға Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан кіреді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының Парламенттік ассамблеясы 2006 жылдың қарашасында құрылған. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымның Парламенттік ассамблеясы ұйым шеңберінде мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту, қалыптастыру және дамыту жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны