27.02.2013, 10:04 6195

Е.Орынбаев ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекелестікке қабілеттілік бағдарламасы комитетінің отырысына қатысты

Қазақстан биыл Басқару комитетінің отырысына Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасының Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы дәрежесінде тұңғыш рет қатысып отыр. ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасы 2008 жылы іске қосылып, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған Бастама және Орталық-Азиялық Бастама сияқты екі үлкен аймақтық Бастамаларды қамтиды.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - 2013 жылдың 26 ақпанында Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымының Еуразиялық бәсекеге қаблеттілік бағдарламасы Басқарушы комитеті мүшелерінің жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан биыл Басқару комитетінің отырысына Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасының Орталық-Азиялық Бастамасының тең төрағасы дәрежесінде тұңғыш рет қатысып отыр. ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасы 2008 жылы іске қосылып, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған Бастама және Орталық-Азиялық Бастама сияқты екі үлкен аймақтық Бастамаларды қамтиды.

Бұл Бастама бойынша Қазақстан Франция және Еуропалық Одақпен бірге тең төраға болып отыр. Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Кавказ елдеріне арналған Бастамаға Польша мен Швеция төрағалық етуде. Қазақстан - ЭЫДҰ-ның мүшесі болып табылмаса да, ЭЫДҰ бағдарламаларының басқарушы органы құрамына енген бірінші ел.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев басқарды.

Басқарушы комитеттің отырысы барысында ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары және осы Бағдарламаның төрағасы Ричард Баучер Е.Орынбаевты Орталық-Азиялық Бастаманың 2015 жылға дейінгі тең төрағасы ретінде ресми түрде таныстырды.

Басқарушы комитет мүшелерінің жыл сайынғы кездесуінде өткен жылғы жобалардың нәтижелері шығарылып, 2013 жылдың маусымында өткізілетін Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламасы бойынша бірінші бірлескен Министрлік конференциясын қоса алғанда 2013 жылға арналған жоспарлар мен басымдықтар талқыланды. Сонымен қатар биыл Еуразиялық бәскелестікке қаблеттілік бағдарламасының жүзеге асырыла бастағанына 5 жыл толатындығы атап өтілді. Осыған орай, барлық отырысқа қатысушылар тарапынан ЭЫДҰ-ның 2013 жылы қарашада Еуразиялық бәсекелестікке қаблеттілік бағдарламалары форумын өткізу туралы ұсынысы қолдау тапты.

Басқарушы комитеттің отырысынан соң бұл мәселелер Е.Орынбаевтың ЭЫДҰ Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучермен, Польшаның ЭЫДҰ жанындағы елшісі Павел Войцеховскимен және Еуроодақтың ЭЫДҰ жанындағы елшісі Марий-Франческо Спатолизаномен болған екіжақты кездесулері барысында талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны