07.12.2007, 19:38 3931

ЕАДБ ЕурАзЭҚ мемлекеттері арасында инвестициялық процестерді оңтайландырады

ЕАДБ ЕурАзЭҚ мемлекеттері арасында инвестициялық процестерді оңтайландырады

Алматы. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) ЕурАзЭҚ мемлекеттері арасында ғылыми жабаларды пайдалану арқылы инвестициялық процестерді оңтайландырады, деп хабарлайды агенттік ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл міндетті орындау үшін, ЕАДБ Ресей ғылыми академиясының (РҒА АБИ) ауыл шаруашылық болжау институтымен қарым-қатынас жасау жөніндегі меморандумға қол қойды.

"Ауыл шаруашылық болжау институты және басқа академиялық институттарымен қарым -қатынас жасау арқылы, банк ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, еуразиялық аймақтардың әлеуметтік -экономикалық дамуын кешенді түрді сараптап, оның ынтымақтастық процестерге тигізтен әсерін анықтайды. Сөйтіп, банк өзінің инвестициялық қызметінде ғылыми жұмыстарды негізге ала отырып, даму жобаларын таңдау кезінде тиімді шешім қабылдайтын болады", - деп атап өтті ЕАДБ басқарма мүшесі,сараптама жұмысы жөніндегі директоры Владимир Ясинский.

Хабарламада айтылғанындай, ЕАДБ және и АБИ РҒА ықпалдасу деңгейіне сандық және сапалық баға берудің тәсілін дайындау, ЕурАзЭҚ және ТМД мемлекеттері арасында өзара инвестиция салу және сауда жасау қарқынын болжау мәселесіне үлкен мән беруде.

"Екі жақ сондай-ақ, бірлесіп, қайта өңдеу өндірістерінде жаңа технологияларды енгізу үшін, алдын ала инвестициялық зерттеулерін жүргізіп, еуразиялық аймақтағы елдердің экономика салалары бойынша, кооперациялық байланыстарын дамытуды көздеп отыр.

Банк және институттың бірінші жобасы "РФ мен Украина арасындағы инновациялық-технологиялық қатынастарын болжау ұсыныстары" бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары өткізіледі.

Онда ресей мне украина компанияларының кооперациялық байланыстары жөнінде деректер жиналып, РФ және Украина арасындағы ғылыми-технологиялық және өндірістік кооперацияның тиімділігі жөніндегі болжамдар, қазіргі жағдайы егжей-тегжейлі сарапталады, деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

РҒА АБИ 1986 жылы ашылды.Оның негізгі ғылыми қызметі бойынша, макроэкономикалық сараптама мен болжам саласындағы фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, мемлекеттердің қысқа-орта-ұзақ мерзімдегі экономика даму жолдарының тиімділігі жөнінде толыққанды ғылыми зерттеулер дайындау болып табылады. Сондай-ақ, институт ірі кәсіпорындар (РАО ЕЭС, РАО "Газпром" т.б.) және РФ мемлекеттік басқару органдарының мүддесіне сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны