08.05.2007, 18:15 3725

Египет Араб Республикасының сауда және индустрия министрі Қазақстан мен өз елі арасындағы тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар деп санайды

АСТАНА. 8-мамыр. Kazakhstan Today. Египет Араб Республикасының сауда және индустрия министрі Рашид Мохамед Қазақстан мен өз елі арасындағы тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар деп санайды. Бұл туралы пікірін ол бүгін ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуде ортаға салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі снеаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Египет Араб Республикасының Сауда және индустрия министрі Рашид Мохамед Рашид Қазақстанның атқарушы органдар басшыларымен кездесулерге қол жеткен уағдаластықтар жөнінде хабардар етті. Соңғы жылдары екі елдің тауар айналымын жыл сайын 1 миллиард долларға дейін көтеру көзделіп отыр. Сондай-ақ Қазақстан 1 миллион 300 мың тонна астықты Египетке экспортқа шығарып келеді. Екі елдің іскер топтары мемлекеттер арасындағы сауда айналымы мен инвестицияларды ұлғайтуды қалайды. Мейман сондай-ақ қарым-қатынастарды тереңдету туралы бастамалардың, әсіресе қазақстандық кәсіпкерлердің Александрия қаласында астық терминалы құрылысын салу туралы жобаның маңыздылығына назар аударды. Қазақстан нарығындағы құрылыс, тоқыма салаларының өнімдері және дәрі-дәрмек жеткізу және оларды өндіруге бағытталған жобалар бойынша жұмыс істеп келе жатқан египеттің компаниялардың келешегі зор екені айқындалып отыр. Мейман қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті кеңейту жөніндегі ниеттеріне Египет жағы қолдау білдіретінін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды. Қ.Тоқаев екі елдің қарым-қатынастарының сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық салаларда келешегі зор екенін атап өтті. Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың биылғы Египетте болған сапарында өзара тиімді байланыстарды дамыту жөніндегі белгіленген міндеттер екі жақты қарым-қатынастарға серпін беріп отыр. Екі елдің арасындағы экономика және ғылыми-техникалық байланыстар жөніндегі үкіметаралық комиссия қарқынды жұмыс істеп келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны