07.04.2008, 18:31 3534

Египеттің сыртқы істер вице-министрі Астанаға келеді

Египеттің сыртқы істер вице-министрі Астанаға келеді

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Египеттің сыртқы істер вице-министрі, Египет Араб Республикасы СІМ-нің жанындағы ТМД, Еуропадағы және жаңадан егемендік алған мұсылман елдерге техникалық көмек көрсету қорының бас хатшысы Сафи Амин сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, сапар 8 - 10 сәуірге межеленген.

"Египет өкілінің сапары кезінде қор мен еліміздің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесін талқылау үшін бірқатар министрліктерде кездесулер өткізу межеленген", -деді ол.

Қазақстан мен қор арасындағы ынтымақтастық 1992 жылдан бері жалғасып келеді. Өткен жылдарда қор ұйымдастырған дәрістен түрлі саладағы 1000 шақты Қазақстандық маман өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны