07.03.2013, 09:52 13653

"Эйр Астана" мен "Turkish Airlines" жан-жақты ынтымақтастыққа алғашқы қадам жасады

Ыстамбұлда "Эйр Астана" мен "Turkish Airlines" әуекомпанияларының басшылары Питер Фостер мен Темель Котиль кодшеринг келісімін жасауға ниетті екені туралы хатқа қол қойды.

Астана. 7-наурыз. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" мен "Turkish Airlines" жан-жақты ынтымақтастыққа алғашқы қадам жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ыстамбұлда "Эйр Астана" мен "Turkish Airlines" әуекомпанияларының басшылары Питер Фостер мен Темель Котиль кодшеринг келісімін жасауға ниетті екені туралы хатқа қол қойды.

Бұл қос тасымалдаушының Қазақстан мен Түркия арасында орындайтын рейстер бойынша кодшеринг келісімін қамтитын жан-жақты ынтымақтастыққа алғашқы қадам болып отыр. Алматы-Ыстамбұл және Астана-Ыстамбұл бағытындағы кодшеринг Алматы, Астана және Ыстамбұлдағы тиісті әуежайлардан басталатын бағыттар бойынша арнайы прорейттік келісімді қамтиды. "Эйр Астана" АҚ-ның баспасөз қызметінің хабпарлауынша, бұл келісімдер 2013 жылдың мамырында күшіне енеді деп жоспарлануда.

"Біз "Эйр Астанамен" ниет туралы хатқа қол қоюға өте қуаныштымыз, себебі біз екі әуекомпанияның кең бағыттық желісі арқылы жолаушылардың туристік мүмкіндіктерін барынша кеңейту мақсатында әріптестік қатынастарды жақсартуға талаптанамыз. Заманауи әуепаркін иемденіп және жоғары деңгейдегі сервисті көрсете біліп, "Эйр Астана" одан арғы дамуын ойдағыдай жалғастыруда. Біз клиенттерімізге екі әуекомпанияның үздік түйісулерін ұсынамыз. "Эйр Астана" АҚ-мен әріптестік коммерциялық тұрғыдан және техникалық ынтымақтастық пен қызметкерлерді дайындау мәселелерінде екі тарапқа да пайдалы болатынына сенімдіміз, - дейді Turkish Airlines бас директоры Темель Котиль. Ал "Эйр Астана" АҚ президенті Питер Фостердің айтуынша, Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежай орталығымен Turkish Airlines көлемді және қарқынды өсіп келе жатқан желінің географиясы клиенттерге бағыттардың кең таңдауын ұсынуға бізге мүмкіндік береді. Біздің жолаушыларымыз өз саяхатын икемдірек жоспарлап және кодшеринг арқылы бірлескен рейстер арқасында тиімдірек түйісулерді іріктей алады. Осының арқасында жолаушыларымызға Skytrax агенттігімен Еуропаның үздік әуекомпаниясы және Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуекомпаниясы деп танылған қос әуекомпанияның қызметін пайдалану қолжетімді болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны