16.06.2009, 11:43 1211

Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды

Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды

Алматы. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің отырысы басталды, оған ұйымға бақылаушы елдердің өкілдері де қатысуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ИТАР-ТАСС хабарламасына сілтеме жасап.

ИТАР-ТАСС мәліметінше, кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Пәкістан президенттері, ҚХР басшысы, сондай-ақ, бүгін таңертең Ресейге келген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад, Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингх, Монғолияның бірінші вице-премьері Норовын Алтанхуяг қатысуда.

Тар ауқымдағы кездесуден кейін кеңестің отырысы кеңейтілген құрамда жалғасады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммитінде 15-16 маусымда Екатеринбург декларациясы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының лаңкестікке қарсы конвенциясына қол қою жоспарлануда. Бұл туралы РФ президентінің көмекшісі Сергей Приходько мәлім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны