03.12.2007, 12:00 1683

ЕҚЫҰ Қазақстаннан ұйымның төрағасы қызметінде ел ішіндегі демократияландыру мен ұйымды нығайту бағытындағы қадамдарды күтуде - ҚР мемлекеттік хатшысы

Астана. 3 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Қазақстаннан ұйымның төрағасы қызметінде ел ішіндегі демократияландыру мен ұйымды нығайту және оның беделін көтеру бағытындағы қадамдарды күтуде. Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев 1 желтоқсанда өткен арнаулы баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөзщ қызметіне сілтеме жасап.

"Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау тек жоғары абырой ғана емес, сонымен бірге үлкен жауапкершілік те жүктейді. ЕҚЫҰ -дағы біздің әріптестер Қазақстаннан ұйымның төрағасы қызметінде ел ішіндегі демократияландыру мен ұйымды нығайту, ұйымның бірлігін нығайту және оның беделін көтеру бағытындағы қадамдарды күтуде", - деп мәлімдеді баспасөз мәслихатында Қ. Саудабаев.

Мемлекеттік хатшының атап көрсетуінше, "Қазақстан өзіне жүктелген абыройлы әрі ардақты миссияны табысты атқарып шығады деген сенім зор. Бізде елімізді одан әрі демократияландыру жөніндегі нақты бағдарламасы және ЕҚЫҰ алдында тұрған қауіп-қатерлер жөнінде айқын түсінік бар. Сол себепті Қазақстан ұйымның төрағасы ретінде осынау беделді ұйымның аясында өзара сенімділік пен түсіністікті нығайту үшін, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды".

Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ СІМК-нің мұндай шешім қабылдауына бірқатар факторлар, соның ішінде "Қазақстан халқының артықша төзімділігі, жаңғыруға дайындығы мен жаңару пейілі" себеп болғанын атап өтті.

"Қазақстандық жол" деген атауға ие болған осынау эволюциялық жол Қазақстанның экономикалық жағынан қуатты әрі қарқынды дамып келе жатқан демократиялық елге айналуына мүмкіндік тудырды", - деді мемлекеттік хатшы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны