15.03.2010, 16:36 3550

ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының арнайы өкілі оңтүстік - шығыс Еуропа мемлекеттеріне іссапармен барады

ЕҚЫҰ қазіргі төрағасының арнайы өкілі оңтүстік - шығыс Еуропа мемлекеттеріне іссапармен барады

Астана. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов 15 және 19 наурыз аралығында Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасының арнайы өкілі ретінде оңтүстік - шығыс Еуропа мемлекеттеріне іссапары болады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іссапар барысында төрағаның арнайы өкілі Албания, Черногория, Босния және Герцеговинада аталған мемлекеттердің саяси басшылықтарымен кездесіп, аймақта саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны