12.10.2009, 16:16 2988

ЕҚЫҰ шекара өткелдерінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу саласындағы заңнамалық актілердің жобасын жасауда

ЕҚЫҰ шекара өткелдерінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу саласындағы заңнамалық актілердің жобасын жасауда

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ шекара өткелдерінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу саласындағы заңнамалық актілердің жобасын жасауда. Бұл туралы бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 18-ші экономикалық-экологиялық форумының дайындық конференциясында ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық қызметін үлестіруші Горан Свиланович мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Г. Свилановичтың айтуынша, "қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін ұйым ретінде ЕҚЫҰ бұл жобаларға өз үлесін қосады, бұған тек Қазақстан ұйымға төрағалық ететін бір жыл ғана емес, бірнеше жыл сарп етілмек".

"Сыбайлас жемқорлық - барлық ЕҚЫҰ елдеріндегі үлкен проблема. Бір елде жемқорлық көп, енді бір елдерде ол аз, бірақ сандардың өзі осы елдерде болып жатқан оқиғаны ашық көрсетіп отыр. Егер әрбір мемлекет бұл мәселені шешуге мейлінше күш жұмсайтын болса, жағдай өзгеше болар еді", - деді Г. Свиланович.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны