30.06.2008, 10:09 2940

ЕҚЫҰ-ын саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту құралы ретінде пайдаланған дұрыс - Леннмаркер

ЕҚЫҰ-ын саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту құралы ретінде пайдаланған дұрыс - Леннмаркер

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту құралы ретінде пайдаланған дұрыс. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-сессиясының ашылуында оның төрағасы Йоран Леннмаркер мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ өңірі көптеген қатерлердің алдында тұр. Біз ұйымымызды саяси диалог және демократияның негізгі құндылықтарын алға жылжыту, адам құқықтарын қорғау мен заңның ұлықтылығының құралы ретінде пайдалануымыз керек. Осы басты құндылықтар біздің кез келген әрекеттеріміздің негізі болуға тиісті және біз оны күнделікті саяси өмірімізде, ұлттық және халықаралық дәрежелерде бұдан да айқын көрсетуіміз керек", - деді Й. Леннмаркер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны