14.05.2010, 15:16 6295

ЕҚЫҰ-ның резерв қорынан Қырғызстандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға 200 мың евро бөлінді

ЕҚЫҰ-ның резерв қорынан Қырғызстандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға 200 мың евро бөлінді

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ-ның резерв қорынан Қырғызстандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға 200 мың евро бөлінді. Бұл туралы бүгін ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Алматыда "ЕҚЫҰ еуразиялық өлшемі" екінші Трансазиялық парламенттік форумында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ЕҚЫҰ Қырғызстанға дағдарыстан тез арада шығуға қолдау көрсетуді одан әрі жалғастыруда. Ұйымның резерв қорынан Қырғызстандағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға, заң мен демократияның үстемдігін бекіте түсуге 200 мың евро бөлінді. Қазақстан да өз тарапынан екі жақты негізде қажетті қайырымдылық және экономикалық көмектерді көрсетіп жатыр", - деді Қ. Саудабаев.

Ол президенттер Нұрсұлтан Назарбаев, Барак Обама мен Дмитрий Медведевтің күш-жігер салуының арқасында елде зорлық-зомбылықтың белең алуына жол бермеу және азаматтық соғыстың алдын алуға мүмкіндік туғанын ерекше атап өтті. "Соның нәтижесінде бүгінде Қырғызстандағы ахуал құқықтық аяға көшті, қоғамдық тәртіп пен заңдылық қамтамасыз етіле бастады", - деді ол.

"Бұл оқиға өңірдің тұрақты дамуы үшінгі жауапкершіліктің әрбің ұлттық шеңберде ғана бөліске салына алмайтындығына, ол сонымен бірге жеке мемлекет немесе ұйымның жауапкершілігіне жатпайтынына сабақ болды. Сол себепті өз елдеріміздің қауіпсіздігі мен әл-ауқатына төнген қауіп-қатерлер өсе түскен қазіргі жағдайда біз бұрынғыдан бетер жақын ынтымақтастық орнатып, ортақ түсіністікке келуіміз, барлық мүдделі мемлекеттер мен ұйымдардың іс-әрекеттері мен көзқарастарының ортақтығы барынша қажет", - деді Қ. Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны