29.09.2006, 09:17 3141

Елбасы АҚШ үкіметінің мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

ВАШИНГТОН. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ үкіметінің мүшелерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президенті "Блэр Хаус" резиденциясында АҚШ-тың сауда министрі К.Гутиерреспен, АҚШ-тың энергетика министрі С.Бодманмен, (ОББ) ЦРУ директоры М.Хайденмен кездесті.

- Бұл менің Қазақстан президентімен екінші рет кездесуім. Ир кездесу сайын экономикасы мен Ішкі жалпы өнімі артып отырған Қазақстанның қол жеткізген табыстары тәнті етеді. Мені энергияның қазіргідей қымбат болып тұрған кездегі экономиканы әртараптандыру стратегиясы таңқалдырды. Бұл өте дұрыс стратегиялық ойлаудың нәтижесі. Біз сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелерін талқыладық. Мен біздің экономикалық әріптестігімізге аса қанағаттанарлық сезімімді білдірдім, - деді АҚШ сауда министрі К.Гутиеррес кездесуден кейін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны