25.09.2006, 15:21 3246

Елбасы АҚШ-қа сапары алдында Испанияға барады

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары алдында жұмыс сапарымен Испанияға барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Сапар барысында мемлекет басшысы Испания Королі Хуан Карлос I-мен кездеседі деп күтілуде.

Ал қыркүйектің 26-сы күні Қазақстан президенті ресми сапармен Америка Құрама Штаттарына барады. Америкаға сапары аясында Елбасы АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Бушпен, АҚШ Конгресінің мүшелерімен, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғалармен бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өткізеді деп күтілуде. Ал 29-қыркүйекте Н. Назарбаев АҚШ президенті Джордж Бушпен екі жақты кездесу өткізіп, американдық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар береді деп жоспарланған.

Дж.Буш пен Н. Назарбаев демократияны алға жылжыту, лаңкестікпен күрес, энергетика, бостандық пен қауіпсіздікті кеңейту мәселелерін талқыламақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны