09.09.2010, 11:35 4448

Елбасы бірқатар мемлекеттердің Қазақстандағы елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекеттердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 9 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар мемлекеттердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда Изірбайжан Республикасының елшісі Закир Ариф оғлы Гашимовтан, Ирак Республикасының елшісі Раджех Сабер Аббуд әл-Мусауиден, Қытай Халық Республикасының елшісі Чжоу Лиден, Пәкістан Ислам Республикасының елшісі Мохаммад Ахтар Туфаильден, Түркия Республикасының елшісі Лале Үлкерден және Украина Республикасының елшісі Олег Деминнен Сенім грамоталарын қабылдады.

Салтанатты рәсімде елшілерді Қазақстанның елордасындағы жауапты дипломатиялық жұмыстарының басталуымен құттықтаған Н. Назарбаев: "Бүгінгі Сіздердің Сенім грамоталарын тапсыру рәсімі күллі мұсылман үмбеті үшін қадірлі болып саналатын Ораза айттың алғашқы күніне орайластырылып келіп отыр. Мен мұны жақсылықтың нышаны деп білемін Осындай қасиетті күні баршаңызға сәттілік тілеймін", деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы елшілердің Қазақстандағы бұл дипломатиялық жұмыстары еліміздің сыртқы саяси белсенділігінің артып, беделді халықаралық ұйымдарда жемісті қызмет атқара бастаған кезеңге тура келгенін атап көрсетті.

"Ағымдағы желтоқсанның 1-2-сінде Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізуге қол жеткізіп отырмыз. Қазақстанның осы ұйымға төрағалығы тарихи жеңісінің белгісі. Қазақстанның 1992 жылғы бастамасы болып табылатын АӨСШК бүгінде құрылықтың 90 пайызын алып жатқан 22 мемлекеттің басын қосып отыр. Азия кеңесі құрылықтағы ұйымдық қауіпсіздік жүйесінің бірегей платформасы. Қазақстан биыл ШЫҰ-ға да төрағалық етуде. Бұл ұйым шын мәнінде өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдауға оң әсерін тигізетін толыққанды факторға ие болып отыр",- деді Президент.

Елбасы Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан Қазақстан қазіргі заманғы әлемдік тәртіптің өзекті мәселелері бойынша көпжақты диалогты қамтамасыз етуге белсене күш салып жатқанын атап көрсетті. "Мәдениетаралық және дінаралық диалог идеясын жүзеге асыру Қазақстанның келесі жылғы Ислам конференциясы ұйымына төрағалығының басты назарында болады", деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны