01.12.2010, 18:14 4635

Елбасы ЕҚЫҰ саммиті аясында бірқатар екіжақты кездеулер өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЕҚЫҰ саммиті аясында Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведев кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 1 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында ЕҚЫҰ саммиті аясында Ресей Федерациясының Президенті Д. Медведев кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей көшбасшылары сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын одан әрі дамытудың перспективаларын, екі елдің аймақтық интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Саммиттің күн тәртібінің өзектілігін атап өтті, сондай-ақ Ресей Президентіне осы форумның жұмысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Ресей Президенті Дмитрий Медведев Саммиттің Азияда, Қазақстанда өтуі - бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның құрылысына қосқан жеке үлесін, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізудің өзектілігін мойындау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ саммиті аясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзаймен кездесті. Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық мәселесі, сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Германия Федералдық Республикасының Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстан-герман ынтымақтастығын кеңейтудің перспективалары, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Хиллари Родхэм Клинтонмен кездесті. Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, елбасы Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан президенті ЕҚЫҰ саммиті аясында Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтемен кездескен. Тараптар екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, оны келешекте белсенді жүргізу перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Н: Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен және Украина Президенті Виктор Януковичпен кездесті. Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін, аймақтық интеграциялық бірлестіктер аясында Қазақстан мен Беларусь өзара іс-қимылын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны