23.02.2011, 14:38 4376

Елбасы Қытайдың Тяньцзинь қаласына келді

Елбасы Қытайдың Тяньцзинь қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Елбасы Қытайдың Тяньцзинь қаласына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-ға жасаған мемлекеттік сапарының үшінші күнінде аса жоғары жылдамдықпен жүретін пойызбен Тяньцзинь қаласына келген.

Қытай астанасы мен Тяньцзинь қаласының арасындағы қашықтық 120 шақырым, екі қаланы жылдамдығы жоғары темір жол жалғастырып тұр. Аса жоғары жылдамдықтағы теміржол 2008 жылдың тамызында пайдалануға берілген болатын және Қытайдағы сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүретін аса жоғары жылдамдықтағы алғашқы желі болып табылады. Бұл теміржол жолаушылар пойызына Бейжіңнен Тяньцзинь қаласына дейін бар-жоғы 30 минут ішінде жетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай іскерлік тобының өкілдерімен кеше өткен кездесуі барысында: "Менің сапарымның нәтижесі және ең басты жетістігі екі мәселенің, атап айтқанда ядролық энергетикадағы ынтымақтастық пен Астана мен Алматы арасындағы ұзындығы 1000 шақырымға жуық жылдамдығы жоғары темір жол құрылысының басталуы болады", - деп айтып өткен еді.

Қазақстан темір жолының басшысы Асқар Мәминнің Бейжіңдегі Астана-Алматы жоғары жылдамдықтағы теміржол жобасының таныстырылымы барысында айтып өткеніндей, аталмыш жобада инновациялық және жоғары технологияларды пайдалану қазақстандық магистралдың құрылысын 4 жыл ішінде аяқтауға мүмкіндік туғызады. Еліміздің екі бас қаласындағы ара қашықтықты 4 сағат ішінде жүріп өтуге мүмкіндік пайда болады.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қазақстанның Елбасы Тяньцзинь қаласы дамуының Бас жоспарын қарап шығады, одан кейін Мемлекет басшысы арнайы рейспен әуежайдан Астанаға ұшады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны