17.01.2008, 18:55 3101

Елбасы көктемде "Жас Отан" съездін өткізуді ұсынды

Елбасы көктемде "Жас Отан" съездін өткізуді ұсынды

Астана. 17-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының "Жас Отан" жастар қанатының съездін өткізуді ұсынды. Мұндай ұсынысты ол "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Көктемде Жас Отан" съездін өткізуді ұсынамын. Онда бүкіл Қазақстаннан партияның жас мүшелерін шақырып, жастар саясатының мәселелерін жеке-жеке талқылау керек", - деді Н. Назарбаев.

Президент "Нұр Отан" партиясы жастарды партия жұмысына тарту ісін бұдан да белсенді жүргізу қерек, деп атап көрсетті. "Партияның жастар қанатын нығайту қажет", - деп мәлімдеді ол.

Н. Назарбаев: "Жас Отанды" құру арқылы партия 200-ден астам жастар ұйымдарының күшін біріктірді", - деді. "Бұл жастар арасындағы "Нұр Отанның" жақтастарының айтарлықтай өсуіне ықпал етті. Енді "Жас Отан" елдің бүкіл жастар саясатының орталығы болуы шарт", - деп атап көрсетті ол.

"Министрліктер мен мекемелерде жұмыс істейтіндердің арасында біз білім деңгейлері заманауи талаптарға жауап беретін 200 - 300 жасты іріктеп алып (олар мүмкін "Болашақтың" түлектері болар), елімізде оларды түпкілікті оқытумен және жоғары басшылық қызметтерге ұсынумен айналысуымыз қажет. Осылайша аймақтарда және жалпы республикада басшы кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға тиіспіз", - деген ұсыныс енгізді елбасы.

Жалпы алғанда, президенттің пайымдауынша, "партия жастар қозғалысын жан-жақты қолдау саясатын жасап шығаруы қажет. "Жас Отан" жастар қанатының басты қызметін жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге бағыттаған дұрыс".

"Партия өзінің жастар қанатының жастарды партияға тартуға, жастар мәселесін шешуге бағытталған іс-әрекетінің тиісті стратегиясын жасауы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны